Жаңалықтар

Астанада қатты желден құрылыс краны құлап кетті (ВИДЕО)

скриншот

қиға «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған.

Елордада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады.

Оқиға «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.

«Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, «Рио-де-Жанейро» құрылыс алаңында (бас мердігер «G-park» ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі», – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.