Жаңалықтар

Астанада боран салдарынан оқушылар қашықтан оқиды

istockphoto.com

Онлайн оқыту форматына 0-7 сынып оқушылары көшеді

Астанада боранның кесірінен көп оқушы қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық білім басқармасы бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушыларының қашықтан оқытуға көшетінін ескертті.

Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 7 қарашада бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары онлайн оқыту форматына көшеді, – делінген хабарламада.