Жаңалықтар

Жезқазғанда ұзақ уақыт пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

istockphoto.com

Кінәлілер жауапқа тартылды

Жезқазғанда ұзақ уақыт пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Пркуратураны мәліметінше, ауданы 4 гектар болатын 54 жер телімін ұзақ уақыт игерілмей, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан.

Жер учаскелерінің кадастрлық құны 86,5 млн теңгеден асады.

Егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесі мәжбүрлеп алып қоюға жатады, – деп түсіндірді прокуратура өкілдері.

Қадағалау актісіне сәйкес уәкілетті орган жерді мемлекетке қайтарып, кінәлілер жауапқа тартылды.