«Ауруханадан бір-ақ шықтым»: Айгүл Иманбаеваның денсаулығы сыр берді
Әнші Айгүл Иманбаева сырқаттанып қалды.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Түсірілімнен шығып, дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кеткен, сүйектерім қақсап, басым солқылдап кетті. Бірден медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім.
Қан қысымымды өлшеп, маған система қойғалы жатыр. Мүлдем ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылу керек, амал жоқ», – деді өнер иесі.