T-LIFE

Тым көп тауар сатылатын маркетплейстер шаршау мен күйзеліс тударады – зерттеу

сурет: istockphoto.com

Тауар саны тым көп маркетплейстер тек күйзеліс пен шаршау сезімін тудырады. Businessinsider.com-да жарияланған зерттеу авторлары осындай қорытынды шығарған

Маркетплейстердегі сансыз тауар мен оған жазылған пікірлердің көптігі адамдарды "таңдау параличіне" ұшыратып, миға салмақ түсіреді. Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, адамдар тауарларды сағаттап көреді, алайда 74%-ы тауар таңдаудан шаршап, ештеңе алмаған күйі қосымшаны жаба салады.

Сарапшылар «аз, бірақ сапалы» принципіне сүйену керек деген кеңес айтады. Мысалы джемнің 6 түрін сөреге қойған дүкен сөресінде 24 түрлі джем тұрған дүкенге қарағанда 10 есе көп өнім сатқан.