Жаңалықтар

Ішкі істер министрінің орынбасары Хасан Қасымбаев туралы айтты

ІІМ

Оның айтуынша, тергеушілер Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатыр.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, тергеушілер Талғарда «Хутор» қылмыстық тобының бар-жоғын анықтап жатыр.

«Қазір сол жерде біздің бір топ қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мен бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттемедім. Сондықтан оны тиісті басқармаға бағыттаған жөн. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін, олар өзінің жауабын береді», – деді Игорь Лепеха.

Вице-министр бұл іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы жайлы да айтты.

«Біздің қызметкерлерге қатысты мәселе қаралып жатқан жоқ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты ол (Х.Қасымбаев) ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Барлық процессуалдық әрекетті біздің қызметкерлер бірінші кезеңде орындады», – деді министрдің орынбасары.