Қазақстанда қалың қар жауып, аяз түседі
Синоптиктер 7-9 қараша күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның басым бөлігін ауқымды циклон жайлап, ауа-райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, жел күшейіп, көктайғақ болады. Тұман түседі.
7 қараша түнде республиканың солтүстігінде қалың қар түседі. Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен орталықта жел секундына 30 метрге дейін күшейеді.
«Солтүстік, шығыс пен орталықта ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-7 градус аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5, күндіз 3 градусқа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда 6-11 градус аяз болады, - делінген хабарламада.