Ұлытау тұрғыны досын пышақтап өлтірген
Ол 12 жылға сотталды.
Ұлытау облысында досын өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Сәтпаев қаласының маңындағы бау-бақша өсіретін жерде болған. Екі дос ішімдік ішіп, соңы төбелеске ұласқан.
Сотталушы жәбірленушінің мойнына пышақ сұғып алған. Жәбірленуші сол жерде жан тапсырған.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында, сот отырысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісі үшін өкінді. Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен, басқа да іс материалдарымен дәлелденді», - делінген хабарламада.
Ол сот үкімімен 12 жылға сотталды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.