Саясат

Франция президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Фото: x.com/ Emmanuel Macron

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық, Қазақстан Президентінің Францияға сапары туралы жазба жариялады.

«Қош келдіңіз құрметті серіктес, құрметті дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңызбен біз Қазақстан мен Францияны, қазақстандықтар мен француздарды біріктіретін терең достықты атап өтудеміз», - деп жазды Эмманюэль Макрон.