Өзбекстанда спорт саласындағы жемқорларды қатаң жазалайтын жаңа заң бекітілді
Өзбекстан билігі спорт саласындағы жемқорлықты тоқтатуға бағытталған жаңа заңды бекітті, деп хабарлайды turkystan.kz Норма құқықтық порталына сілтеме жасап.
Өзбекстанда Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіліп, спорт сайыстарын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың заңсыз қаржылай сыйақы немесе пәтер иеленгені, сонымен қатар орынды «сатып» алғандары расталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мұндай жағдайда 50-100 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар, бұл әрекеттерді қайтадан жасаған адамдарға қатаң жаза қарастырылған.