Хасан Қасымбаев 2 айға қамауға алынды

5 қараша, 2024 / Інжу Әлихан
скриншот
Бұл ақпаратты Алматы облысының Полиция департаменті мәлім етті.

Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.

Бұл ақпаратты Алматы облысының Полиция департаменті мәлім етті.

- Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылдың 2 қарашасында Қ. есімді азамат ұсталып, сот шешімімен 2 айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Талғар қамау Хасан Қасымбаев