Жаңалықтар

Ақтаулық жасөспірімдер бір-біріне жанып тұрған петарда лақтырған

Istockphoto

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің бір-біріне жанып тұрған петардаларды лақтырғаны түсірілген видео пайда болды. Көп ұзамай полицейлер аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Видео Cenzura_Aktau Instagram-дағы парақшасында пайда болды. Куәгер жасөспірімдердің бірі екіншісінің артынан жүгіріп, жанып тұрған петарданы лақтырғанын түсіріп алған.

Кейінірек әкімшілік хаттаманың фотосы бекітілген сол видео, Ақтау полициясының Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланған. Құқық қорғау органдары жеткіншектердің табылып, олармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады. 

«Бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналарға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырылды. Елімізде тыйым салынған петардаларды сатқаны үшін сатушы мен дүкен иесі ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды», - делінген департамент хабарламасында.