Алмазбек Атамбаев: Елде үшінші революция болмайды

Алмазбек Атамбаев: Елде үшінші революция болмайды

Алмазбек Атамбаев: Елде үшінші революция болмайды
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылдың күз мезгілінде өтетін президент сайлауы кезінде елде бүлік салу сияқты тәртіпсіздіктер болмайды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып хабарлады, деп жазды kabar.kg. Мемлекет басшысы ерекше атап өткендей, елдегі жағдайды ушықтырып, тыныштықты бұзғысы келгендер жазаланады. «Елде үшінші революция болмайды», - деді А.Атамбаев. Сондай-ақ, ол халқының қолдау білдіретінінен үміттенетінін атап өтті. «Геллап» америкалық қоғамдық пікірді зерттеу институтының дерегіне сәйкес, халықтың 77%-ы мемлекет басшысын қолдайды. Мен қай орында болсам да, халқым менің дауысымды еститін болады. Мені көрші елдердің президенттері екінші рет сайлануға қаншама рет үгіттеді. Мен орнымда қалып, билікті өз қолыма алғым келсе, басқаша референдум өткізер едім», - деді ол сұрақтарға жауап бере отырып. Сондай-ақ, ол саясаткер болу үшін қандай да бір қызметті иеленудің міндетті емес екендігін мәлімдеді.