Спорт

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде екінші рет жеңіліп қалды

Сурет: ҚТФ

Матч 2 сағат 27 минутқа созылды.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) қорытынды турнирде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Рыбакинаның қарсыласы қытайлық Чжэн Цинвэн болды. Кездесу үш сетке созылып, 6:7, 6:3, 1:6 есебімен қытайлық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Циньвэнь әлемнің төртінші ракеткасы италиялық Ясмин Паолиниге қарсы ойнайды. Рыбакина әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенкомен кездеседі.