«Райм сияқты болып кетіпті»: Ерке Есмахан концерттегі образымен таңғалдырды
Ерке Есмахан Алматы аренада өнер көрсетті.
Кеше «Алматы аренада» өткен концертте Ерке Есмахан жұбайы Райммен ән айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматыда Райм жеке шығармашылық кешін берді. Концертті тамашалауға келгендердің саны 14 мыңнан асқан. Кештің қонағы болған Ерке Есмахан бұл жолы спорттық үлгідегі стильмен көрініп, көпшілікті таңғалдырған.
«03.11.24 Almaty Arena. Sold Out. Concert және прекрасная Ерке Есмахан. Алланың бұйырғанымен, команданың жұмысымен, әрине, сіздердің қолдауларыңызбен бұл күн де абыроймен өтті», – деп жазды Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары болса Ерке Есмаханның концерттегі образына баға берді.