Шымкентте кәмелетке толмаған есірткі жасырушылар ұсталды
Шымкентте жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозағалды.
Шымкентте бір топ жасөсіпірім ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кәмелет жасына толмағандар есірткіні жасырумен айналысқан.
«Шымкент қаласында есірткі жасырумен айналысқан бес жасөспірім ұсталды. Олар Түркістан облысының тұрғындары. Күдіктілер әр «закладка» үшін бір жарым мың теңгеден алған. Жағдайы жақсы отбасыдан шыққанына қарамастан, осындай қадамға барған. Ұстау барысында олардан «мефедронның» жүзден астам дозасы тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Соңғы аптада республика бойынша есірткі өткізудің 16 фактісі анықталған.
Заңсыз айналымнан 10 кг синтетика тәркіленген.