«Болашақ» стипендиясын тағайындау ережесі өзгермек
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ашық НҚА-да жоба жариялады.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі ашық НҚА-да жоба жариялады.
Эссе авторы жазбасында таңдаған саласы мен жоғары оқу орнының артықшылығын және «Болашақ» бағдарламасымен оқу оған не беретінін және оны тәжірибеде қалай қолдануға дайын екенін жазып шығуға тиіс. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы шарт.
Бұл кандидаттардың кәсіби және академиялық мақсаттарына объективті баға беру мақсатында Республикалық комиссияға неғұрлым негізделген және байыпты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мотивациялық хаттағы негізгі аспекттерді анықтау – таңдалған ЖОО-ны және оның артықшылықтарын сипаттау, сондай-ақ стипендияның қажеттілігінің себептерін көрсету – үміткер мен комиссия арасында мақсатты және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді. Ол үміткердің жеке мақсаттарын, оның кәсіби жоспарлары мен оқуға деген ынтасын көрсететін маңызды элемент болып табылады, бұл үміткердің бағдарламаның маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің түсіндірме жазбасында.