Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімі жаияланды
Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар енгізілген.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қазір бұл тізімде 36 тұрғын үй кешені бар. Тізім құрылысқа рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқу және басқа да бұзушылықтармен салынып жатқан бірқатар тұрғын үй кешендерімен толықтырылды.
Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар енгізілген. Ведомствоның мәліметінше, мұндай тұрғын үй кешендері бойынша ұсыныстар интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған.
«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын, Алматы қаласының құрылысын бақылау департаментінің WhatsApp желісіндегі +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы арқылы тұрғын үй кешенінің құжаттарының толық пакеті бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз», – делінген хабарламада.