Фильмнің қалай аяқталатынын жариялап келген: Жапонияда 3 ер адам қамауға алынды

4 қараша, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Жапонияда фильмдер мен анимеге спойлер жасағаны үшін үш ер адам қамауға алынды. Олар өз сайтында кадрлармен бірге фильмдердің қалай аяқталатынын жариялап отырған.

Олар осы арқылы 12 компанияға миллиондаған шығын келтіретінін білмеген. Енді бұл жайтты оларға сот түсіндіріп жатыр.

Зиян келген жобалардың қатарында «Годзилла: -1», «Әмірші 3», «Волейбол! Қоқыс алаңындағы шайқас» сияқты туындылар бар.

Тэгтер:

Ер адам жапония фильм қамауға алынды қамауға алу