Өскеменде 17 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол салды
Марқұм толық емес отбасынан шыққан.
Өскемен қаласында 17 жастағы бойжеткен суицид жасады, Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болды. 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырып кеткен», - делінген ақпаратта.
Өскеменде өз өмірін қиюға оқталған кәмелеттік жасқа толмаған балалар саны биыл күрт көбейген.
«Осы жылдың басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 22 адам суицид жасамақ болса, биыл бұл көрсеткіш 7 адамды құраған. Балалардың бұл қадамға баруының себептері әртүрлі. Көбінесе отбасындағы жанжал, оқудағы қиындықтар, достарымен қарым-қатынастағы кикілжіңдер», - делінген хабарламада.