Шымкентте ата-ана міндетін орындамаған 9 адам жауапқа тартылды
әртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың негізгі себептерінің бірі олардың бақылаусыз жүргені еске салады.
Жасөспірімді тәрбиелеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік шара қабылданды.
Оқушылардың күзгі каникулында ұқсас құқық бұзушылықтары үшін көшелерде заңсыз саудамен және ақша жинаумен айналысқан тағы 8 баланың ата-анасы жауапқа тартылды.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың беймезгіл уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйінен тыс жерлерде болуына жол бергені үшін 200-ге жуық тұлға жазаланды.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың негізгі себептерінің бірі олардың бақылаусыз жүргені және ұйымдастырылмаған бос уақыты екенін еске салады.
Өзіне өзі тапсырылған жасөспірім заң бұзушылықтарға жол беріп ғана қоймай, қаскөйлердің құрбаны болуы да мүмкін. Осы орайда полиция балаларыңыздың жүріп-тұруын, үйден тыс жүру уақытын бақылап, демалыс күндері бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға шақырады.