Қазақстандықтар ипотекалық несие алуды үдеткен
Несие сомасы бір жылда 42%-ға өскен.
Жыл басынан бері Қазақстандағы 21 банктің активтері 13%-ға өсіп, 1 қазанда 58,1 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жаңа ипотекалық несие беруде оң динамика байқалады. Жыл басынан бері нарықтық шарттармен 498,2 млрд теңгеге ипотекалық несие берді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,5%-ға көп. Ал жеңілдік шарттарымен берілген ипотекалық несие сомасы 875,8 млрд теңгені құрады», - делінген Қаржы нарығыне реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.
Бизнеске берілген несие мөлшері жыл басынан бері 7,4%-ға өсіп, 12,1 трлн теңгеге жеткен.
Халыққа берілген несие 16,6%-ға өсіп, 19,5 трлн теңгеге жеткен.