Жаңалықтар

Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады

Polisia.kz

Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен алтын бұйым мен қожайындардың жиған-тергенін ұрлап кеткен.

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын әшкереледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияның хабарлауынша, олар негізінен қаланың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.

 «Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезені арқылы кіріп, одан алтын бұйым мен қожайындардың жиған-тергенін ұрлап кеткен. Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі – Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі – солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл «дуэттің» кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты.

Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.