Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты ресми тың дерек шықты
Ол туралы полиция айтты.
«2021 жылдың маусым айында А есімді азаматты ұрлап кетіп, денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру күдігі бойынша бес адам ұсталған. Олар Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған, қазір абақтыда жазаларын өтеп жатыр. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесі бойынша жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысты деген күдікпен 2024 жылдың 2 қарашасында азамат К ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жан-жақты, объективті тергеу жүргізу үшін кешенді шаралар атқарылып жатыр», - деді полиция.
Іс материалдары алдын алу шараларын қабылдау үшін сотқа жолданған. Тергеу облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауында.
Еске салайық, бүгін таңертең Талғардағы 16 жасар Шерзат Болаттың ісінде аты аталған Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны белгілі болған еді. Бұған дейін Хасанның өзі видеоүндеу түсіріп, өзінің жасөспірімнің өлімі мен «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.