«Құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді»: Абай Бегейдің әйелі қызын «сыйдырмады» дегендерге жауап берді
Бұл - ақылға қонбайтын әңгіме, дейді ол
Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі оқырмандардың сынына жауап берді.
Ол "Абай Бегейдің қызын сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді" деп сынап жатқандарға жауап берді.
Желіде тараған видеода әнші Абайдың әйелі: "Жұрт мені "Сымбатты сыйдырмады, құтылу үшін тұрмысқа беріп жіберді" деп жатыр. Бұл - ақылға қонбайтын әңгіме. Симби - ересек адам. Өзі шешім қабылдап, таңдауын жасап, ұзатылды. Мұстафа екеуі ата-анасының батасын алып үйленіп, қазір студент болып, оқуларын оқып жатыр",- деді ол.