Қазақстандық MMA файтері Еркебұлан Тоқтар Астанада өткен Dala Fighting Champioship турнирінде қарсыласын бір минутқа жеткізбей нокаутқа түсірді.
Отандасымыз қарсыласы Египет файтері Хайтам Эльсайедті кездесудің 50-секундында жеңді.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар осымен тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның сегізінде қарсыласын нокаутпен жеңген.