Жаңалықтар

Ертең бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

istockphoto.com

4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 4 қараша күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ал Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. 

Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оның күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с болады.