Қоғам

Павлодарда 2 жігіт көлікке жол бермеген жасөспірімге шабуыл жасады

istockphoto.com

Павлодар облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдің мәліметінше, жасөспірімге қол жұмсаған күдіктілердің кім екені анықталған

Павлодар облысында екі жас жігіт 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады. Оқиға оқушы қыз көлікке жол бермегеннен кейін болған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq ryhy-на сілтеме жасап.

Мектеп әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, шамамен 20 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы көліктен түсіп, қыздардың бірін итеріп жіберген. Зардап шеккен оқушының ата-анасы полицияға арызданған.

Павлодар облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдің мәліметінше, жасөспірімге қол жұмсаған күдіктілердің кім екені анықталған.

«Зардап шеккен қыздың заңды өкілдері полицияға шағымданды. Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады құқық қорғау өкілі.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілер анықталды, екеуі де ересек азаматтар. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр», - деп хабарлады полиция қызметкерлері.