Қоғам

Қарағанды облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды

informburo.kz

Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қарағанды ​​облысында салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында жұмысшы қаза тапты. Оқиға 3 қазан күні болған.

Еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.

«Бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.