Рыбакина WTA турнирінің алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

3 қараша, 2024 / Алуа Арман
x.com/WTA
Келесі матчта Рыбакина қытайлық теннисшімен кездеседі

Әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Елена Рыбакина WTA финалдық турнирінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өнер көрсетті.

Отандасымыз рейтингте 4-орында тұрған италиялық Жасмин Паолинимен кездесіп, 7:6(5), 6:4 есебімен жеңіліп қалды. Матч бір сағат 44 минутқа созылды.

Келесі матчта Рыбакина қытайлық теннисшімен кездеседі. Ойын 4 қарашада өтеді.

Тэгтер:

Елена Рыбакина