Жаңалықтар

Жауын, көктайғақ, жел: бүгін ауа райы қандай болады?

istockphoto.com

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 3 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болжанады Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.