Қызылордада 7 жастағы баланың аяғына айыр қадалып қалған
Балаға бірінші болып құтқарушылар көмекке келген.
Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен жылдам әрекет етіп, айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатқан. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырған. 2017 жылы туған балаға көмектескен, оқиға орнына жылдам жетіп, тез әрекет еткен құтқарушының бірі - Бейімбет Айтпанов «Жақсылық жаса» хабарында қонақта болып, осындай оқыс оқиға кезінде қандай шаралар қолдану қажеттігін айтты», – деп жазылған «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы таратқан ақпаратта.