Жаңалықтар

Ақмола облысында 31 жастағы тұрғын жоғалып кетті

Ақмола облысының полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді іздеп жатыр.

Ақмола облысында 31 қазанда кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған Астрахан ауданының 31 жастағы тұрғыны іздестірілуде, деп хабарлады turkystan.kz.

Әйелдің белгісіз жоғалып кеткені туралы хабарламаны оның орналасқан жерін анықтау үшін полиция бөліміне жүгінген туыстары айтқан. Сол күні бұл өтініш тіркеліп, іздеу шаралары ұйымдастырылған.  Жоғалған қыздың белгілері: бойы-158 см, дене бітімі - орташа, шашы – қара, ұзын және көздері - қоңыр. Жоғалған кезде ол джинсы шалбар, қара капюшонды жылы куртка және ақ кроссовка киген. Қазіргі уақытта іздеу жалғасуда, жоғалған адамдар туралы ақпарат бағдарлары аумақтық бөлімшелерге және көрші аймақтарға жіберілген.