Іздеуде жүрген шетел азаматы Шымкентте ұсталды
Ұсталған азамат қамауда, оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы жарты жыл бұрын мемлекетаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оған қатысты интернетті пайдалана отырып, діни экстремизм идеялары бар материалдарды тарату жайты бойынша көрші елде қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда, оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.