Жаңалықтар

Ақмола облысында 1 мың жұмыс орны ашылады

istockphoto.com

Аршалы ауданында бидайды терең өңдейтін зауыт салынады.

Бүгінде бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысы пысықталды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Бидайды терең өңдеуге мүмкіндік беретін меморандумға қол қойғалы отырмыз. Бидайды терең өңдеп, оны Қытай басқа да елдерге жеткізетін жоба. Келісім аясында 650 млн доллар инвестиция тарту күтіледі және 1 мың жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыратын орны белгіленіп, пысықталды, келер жылы зауыттың құрылысы басталады деген жоспар бар», - деді Марат Ахметжанов елордада қазақстандық жаһандық инвестициялар тақырыбында өтіп жатқан форум барысында. 

Өңір басшысының айтуынша, зауыт Аршалы ауданында салынады. 

«Біз ол ауданда индустриялық аймақ құрып жатырмыз. Инвесторлар 4-5 облысқа барып, Аршалы ауданына тоқтады. Себебі бұл жер су, электр және газбен қамтылған. Бидайды терең өңдеп, экспортқа шығарады, алғашқы кезеңде 1 млн тонна бидайды өңдеу жоспарланып отыр. Жоба экономиканың өсіп, облыстың жағдайын жақсартуға септігін тигізеді», - дейді ол.