T-Newspaper

Өрт қауіпсіздігі маңызды

Астана қаласы Алматы ауданының төтенше жағ­дайлар басқармасы Алматы ауданының әкімдігімен және Алматы ауданының Полиция басқармасымен бірлесіп, өрт жағдайларының алдын алу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық іс-шара ұйым­дас­тыр­ды. Соған орай Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, 36/2 ме­­­­кенжайы бойынша тұрғын үйдің профилактикалық іс-шарасы өтті. Онда қызметкерлер өрт қауіпсіздігі бойын­ша кемшіліктерді анықтай отырып, тұрғын үйді тек­серді, сондай-ақ үй тұрғындарымен профилактикалық әңгі­ме жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етілді.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көп­пәтерлі тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында қала тұрғындарымен және қызмет көрсететін ұйымдармен тұрақты негізде «Көпқабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелері», «Шатырлы және жертөле үй-жайларына кіруді шектеу», «Тұрғын үйлерде электр жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтау», «Балалардың терезеден құлауының алдын алу» тақырыптарында профилактикалық іс-шаралар мен нұсқаулықтарды тұрақты өткі­зіп келеді. Алайда атқарылған жұмыстарға қарамастан, өрт­тің негізгі факторы адам болатындықтан, көппәтерлі тұрғын үй­лер жиі өрт құшағына оранды. Мәселен,  былтыр 55 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл олардың саны 89-ға жеткен.  Бүгінгі таңда Алматы ауданында 885 көппәтерлі тұрғын үй бар, олар 128 қызмет көрсететін ұйымға (ПИК, ЖШС, ЖК, ТҚК) және 267 МИББ (278 КТК) қызмет көрсетеді.