Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

1 қараша, 2024 / Інжу Әлихан
gov.kz
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа сөгіс жариялағаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», — деп атап өтті Берік Уали өзінің Facebook парақшасында.

Тэгтер:

Әкім Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы сөгіс