Тоқаев Францияға мемлекеттік іссапармен барады

1 қараша, 2024 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда
Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен 4-5 қараша күндері Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сапар барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Францияның іскер топтарының бірқатар өкілімен кездеседі.

Тэгтер:

Тоқаев