Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, келіншек көз жұмған
Бірге тұратын ер мен әйел үйлеріне қонақ шақырған.
Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан.
Келіншек алған жарақатынан көз жұмған. Ал ер адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Павлодар облысының Полиция департаменті.