Жаңалықтар

ТЖМ Ақмола облысының тұрғындарына ескерту жасады

istockphoto.com

1 қараша күні Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысында дауылды ескерту жариялады.

«1 қараша күні Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с», – делінген хабарламада.