Қарқаралыда қаза тапқан өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
Марқұм құтқарушының әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады.
Қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Мемлекеттік наградаға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың ұсынысы бойынша қайсарлығы, батырлығы және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталған Хали Қайраттың ерекше еңбегін атап өткен жөн.
«Президенттің біздің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады», - деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.