Жамбылда 12 жастағы қызды әкесінің інілері алты жыл бойы зорлаған
Оқушы қыз жүкті болып қалған
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты ауылдардың бірінде 12 жастағы қызды әкесінің екі інісі зорлап келген, деп жазады turkystan.kz.
Orda.kz хабарлауынша, зорлықшылардың бірі 37, екіншісі 35 жаста.
Қыз бала жүкті болып қалғаннан кейін ғана бұл сұмдық жайлы жұртқа мәлім болған. Қазір 12 жастағы қыз жүктіліктің жетінші айында.
Жасөспірім осы уақытқа дейін мектепке барып жүрген. Оның жүкті екенін ешкім байқамаған.
БАҚ мәліметінше күдіктілердің бірі әлі бостандықта жүр.
Оқушы қыздың нағашылары балаға қысым жасалуы мүмкін деп қорқып отыр.