Шымкентте шетелдік азаматтан аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді
21 жастағы жігіт қала аумағында “синтетика” таратумен айналысқан.
Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында одан мефедрон салынған бумалар табылып, тәркіленді. Психотроптық заттардың жалпы салмағы 100 грамнан асады.
Ұсталған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Анықталған жайт бойынша полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.