Ұлытау облысында 5 адамның өліміне кінәлі жүргузші сотталды
Ол 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Ұлытау аудандық соты 2024 жылдың 26 мамырында Жезқазған-Есіл-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады және үкім шығарды.
Апат кезінде азамат Н. Жезқазған қаласынан Ұлытау ауданына қарай жүріп, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 5 адам қайтыс болды.
«Сот процесінде азамат Н. өз кінәсін толық мойындады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Сот үкімімен азамат Н.-ге қолданылған «сотқа келу туралы» процестік мәжбүрлеу шарасының күші жойылып, ол сот залында дереу қамауға алынды», - делінген облыстық соттың хабарламасында.