Жаңалықтар

Тимур Мұратов денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Тимур Мұратұлы Мұратов Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Тимур Мұратов 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік медицина академиясын, Еуразия гуманитарлық институтын, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласының №6 емханасында дәрігер-уролог болып бастаған.

Әр жылдары «Ақ ниет» сауықтыру орталығында, Қорғаныс министрлігінің Бас әскери емханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығында жұмыс істеді.

2010-2015 жылдары — Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында бөлімше меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары.

2015-2017 жылдары — №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері.

2017-2018 жылдары — Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2019 жылдары — Астана қаласының Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері.

2019-2020 жылдары Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының бірінші орынбасары болды.

2020 жылдан 2023 жылға дейін — Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы.