Қоғам

Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі жас жігіттің өмірін қиды

Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желіде айтты.

Жас блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігі дөңгелегінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 29 қазанда Алматыдағы "Сокол" автодромында орын алған. Автокөліктің рөлінде 45 жастағы Анатолий Подлипалин болған. Ол көлікпен келгенде трюк жасайтын 22 жастағы Батырхан Ержанов қозғалатын көліктен асып секіруі керек еді, бірақ соны орындау барысында жазатайым оқиға орын алып, Ержанов дөңгелек астында қалған. Оқиғадан кейін ол ауыр ми жарақатымен және денесінде көп жарақатпен ауруханаға жеткізілген. 30 қазанда Батырхан алған жарақаттарынан қайтыс болған.

«Ол (Батырхан) менен көлікті сұрады. Бермеп едім. Телеграмда сол үшін көп талқы өткізген едік. Соңында трюгы үшін бердім. Сол трюктарының бірінде ол ауруханаға түсті. Ауыр жарақаттан есін жимай, қайтыс болды. Мен білмеймін... Ата-аналарымен... Сөзім жоқ. Туған-туыстары, жақындарына көңіл айтамын. Көлікті бермеуім керек пе еді...» - деді Әлібеков.