Жаңалықтар

Алматы облысында ескі ғимараттан сәбидің денесі табылды

сурет ашық дереккөзден алынды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі баланың шетінеп кеткені туралы деректі растады.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Мой Алматы" телеграм-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда болған.

Полиция нәрестені өлтірген адамды ұстады.

Баланың анасы болуы мүмкін адам ауруханаға жатқызылды, – делінген телеграм-арнасының жазбасында.