Жаңалықтар

3,2 мың домбырашы шерткен күй Қазақстан рекордтары кітабына енді

Qazaqstantv

Күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазының «Балбырауын» күйін бірге шертті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.

Күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

«Әдетте күй үйірмесіне қатысушылар әуелі «Балбырауын» күйінен бастап үйренеді ғой, сондықтан осы күй таңдалды», - деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру мекемесінің басшысы Ерлан Жалғас.

«Бұған дейін бір залда 3 200-ден астам музыкант күй немесе басқа музыкалық шығарма орындап көрген жоқ. Іс-шара осыған дейінгі елімізде орнатылған рекордтарды басып озып отыр. Әлем бойынша да ең үлкен музыкалық рекордтардың бірі болғалы отыр деуімізге болады. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы саралады», – деді Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.