Жаңалықтар

«Айналаң айтқанды емес, өзің таңдағанды алу керек»: Данияр Елеусінов бірінші әйелімен неге ажырасқанын айтты

Ғаламтор

Белгілі боксшы Данияр Елеусінов жеке өмірі жайлы сыр шертіп, бірінші келіншегімен неге ажырасқанын айтты.

Бұл туралы ол «BARS» ютуб каналына берген сұхбатында айтқан.

«Ол кезде жас болдық. Жас болғаннан кейін қателіктер де болды, күнә да жасадық. Күнәңді ашып айтуға болмайды дейді ғой. Ол қазір баламның анасы. Сондықтан ол туралы жаман жағынан әңгіме айтқым келмейді. Баламның анасы болғаннан кейін ешқашан жаман айтпаймын. Мен жақтан да бар, ол жақтан да бар. Бұйырғаны солай болды. Бірақ қателік бар екен деп ажыраса беру дұрыс емес. Ең бастысы әуел бастан дұрыс таңдау жасап, күнә жасамау керек. Мәселенің түп-тамыры тәрбиеге келіп тіреледі. Кішкентай кезіңнен әке-шешең, айналаң «саған мынандай қыз керек» деп белгілі бір талғамды таңып тастайды. Сен соны шынымен өз таңдауың екен деп ойлайсың. Бірақ сенің талғамың басқа болуы мүмкін. Соңында сол өз талғамың жеңіп кетеді», - дейді ол.

Сондай-ақ боксшы Даниэль, Мұхаммед есімді екі ұлы бар екенін тілге тиек етті.