Қарағанды-Балқаш тасжолының жаңа учаскесі ашылды
Қарағанды-Балқаш автожолының 31 шақырым құрайтын жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарағанды-Балқаш бағытындағы республикалық маңызы бар Астана-Алматы автомобиль жолының учаскесінде қозғалыстың ашылғаны туралы хабарлайды.
Ақсу ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жаңадан ашылған төрт жолақты І техникалық санаттағы учаскенің ұзындығы 31 шақырым құрайды. Қазіргі уақытта осы автожолдың 172 шақырымында қозғалыс ашық, - делінген хабарламада.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылған.